«Кедергісіз келешек» жобасы аясында 3 мыңнан астам кембағал жан жұмысқа орналастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды.

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшысы Әсел Жүнісова мәлім етті.

«Биылдан бастап, «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» бағдарламасын белсенді қолға алуда. Осы жобаның аясында 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам мемлекеттік органдар мен партияның, азаматтық қоғамның күш салуымен жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін Қазақстанда 440 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Жоспар бойынша, 6 мыңға жуық кембағал жан жұмыс табады деп отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыруға, инклюзивті білім беру, қоғамда ниеттестік рухын қалыптастыруға атсалысатын боламыз», - деді Ә.Жүнісова.

«Нұр Отан» партиясының - «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны аян. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау; қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру.

Соңғы жаңалықтар