«Кедентрансервис» АҚ басшылығы ақшаны қалай ұрлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Кедентранссервис" АҚ вице-президенті Ғалым Мұқановты парамен ұстау видеосын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, "Кедентранссервис" АҚ  "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясына қарайды.

 "6 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаменті "Кедентраснсервис" АҚ вице-президенті Мұқанов және осы ұйымның сатып алуды ұйымдастыру басқармасының басшысы Уваевтың қылмысын әшкереледі. Олар мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу кезінде қамқорлық жасағаны үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінен 17,5 миллион теңге сомасында ақша алған. Тергеушілер "Кедентранссервис" АҚ және ЖШС арасындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 23 миллион 927 мың теңгеге келісімшарт жасалғанын анықтады. Шын мәнінде, ешқандай жұмыстар атқарылмаған. Алайда күдіктілер қызметтік бабын пайдаланып, жоғарыда көрсетілген сомада орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактуралар мен анықтамаларды қабылдап, қолдарын қойған", - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, Ғалым Мұқанов пен Дулат Уваев қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар