Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Кеденнің уақытша сақтау қоймаларындағы автокөліктер кәдеге жарай ма

2019 жылғы 16 тамыз 16:11 198
Бөлісіңіз:
Кеденнің уақытша сақтау қоймаларындағы автокөліктер кәдеге жарай ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша сақтау қоймаларында бағасы 500-9000 АҚШ доллары аралығындағы 117 автокөлік тұрғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады Сауда нысандарының 30% аумағына отандық тауарларды қою міндеттелді Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1 219 автомобиль жөнелтті

«Уақытша сақтау қоймаларында қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлелдемелер ретінде алынған 2006-2016 жылдары шыққан көліктер тұр. Оның ішінде Қырғыз азаматтарының сенімхатымен Қырғыз Республикасынан Қазақстанға әкелінген жеңіл автокөліктер де бар. Аталған автокөліктер салық төленбеуі салдарынан кідіріп, қоймада тұр», - деп хабарлайды комитеттен.

2019 жылдың 13 тамызындағы жағдай бойынша уақытша сақтау қоймаларында 500-ден 9000 АҚШ долларына дейінгі бағамен тұрған 1965-2013 жылдары шығарылған 117 автокөлік бар. Оларды Еуразиялық экономикалық одақ аумағында пайдалануға тыйым салынған және көліктер қауіпсіздік бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келмейді.

«Осылайша уақытша сақтау қоймаларында қымбат автокөлік құралдары жоқтығын хабарлаймыз. Техникалық регламентке сәйкес емес, бірақ бұдан әрі пайдалануға жарамды автокөлік құралдарын қосалқы бөлшектер бойынша сату құқығы «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ ұйымына берілген. Сатуға және бұдан әрі пайдалануға жарамсыз автокөлік құралдары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілгенде және ақшалай қаражаттар іздестірілгеннен кейін кәдеге жаратылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы кеден қоймаларында бірқатар автокөлік пен ұшу аппараты «тұрып қалғаны» хабарланған болатын.

«Ұсталған тауарларды өткізуге жауапты әрі активтерді оңалту бойынша компаниялар тауарлардың құнын айқындай алмай жатады. Осыған байланысты кейбір тауарлар кеден қоймаларында әлі жатыр», - деген еді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова ведомствода өткен жиында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT