Кедендік статистикадағы алшақтықтарды төмендетуге қатысты сапалы өзгерістер жоқ - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кедендік статистикадағы алшақтықтарды төмендетуге қатысты сапалы өзгерістер жоқ. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуда резервтер бар. Салықтық тексерулердің нәтижелілігін арттыруға, кедендік статистикадағы алшақтықтарды төмендетуге қатысты сапалы өзгерістерді біз көріп отырған жоқпыз. Артық төлем мәселелері де шешілмеген. Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган аудитке де, Мәжіліс депутаттарына да, Сенат депутаттарына да ескертулерді түсіндіре алмады. Бірақ өзін баспасөзде ақтап шығуды қажет деп тапты. Шамасы, мәселенің күрделілігіне сеніп, оқырмандар кәсіби деңгейде толық түсінбейді деп ойлаған шығар. Бірақ, өкінішке орай, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жасыра алмайсың. Заңға сәйкес олардың барлығы аудиторлық дәлелдермен расталған»,- деді комитет төрайымы.

Бұл ретте Наталья Годунова ашықтықты, есеп беруді арттыру және мемлекеттің бизнеске көмек көрсету тетіктерін қайта қарау арқылы фискалдық саясат реформасын іске асыру қажеттігін баса айтты.

«Атап айтқанда, тиімсіз салық жеңілдіктерінің күшін жою және оларды жүйелеу, көлеңкелі экономикаға және салық міндеттемелерін орындаудан жалтаруға қарсы дәйекті күрес жүргізу арқылы салық базасын кеңейту жөнінде іс-шаралар қабылдау керек. Есеп комитеті бірнеше рет бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы құжатын әзірлеу мәселесін қарау қажеттілігіне назар аударған болатын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар