Кедендік одақтың автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кедендік одақтың автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламент 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосылатын болды. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Кедендік одақтың «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техникалық регламентінің шараларын іске асырылуы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында мәлім болды.

Аталған құжат автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікке, олардың жобалануы мен салынуына және жөндеуіне байланысты қажетті ең төменгі талаптарды белгілейді. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінде алуан түрлі жол қауіпсіздігі стандарттары жұмыс істеуде. Техрегламент түрлі талаптары көрсетілген көптеген құжаттарды біріздендіріп, барлық іс-қимыл қауіпсіздік мәселесіне шоғырланатын болады. Бұдан тыс құжатта жобалаушылар мен құрылысшылардың осы талаптарға сәйкестігін бағалау тәсілдері де белгіленетін болады.

Қазақстан Техрегламенттің 11 стандартын әзірлеп жатқандығын атап өткен жөн. Олар көпірлер мен жол өтпелерін жобалау, диагностика мен паспорттау, мұз қатуына қарсы материалдарды сынақтан өткізу және басқа мәселелерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар