Кедендік одақ аясындағы кедендік баға мәселесінде Қазақстан өз ұстанымын толық қорғай алуы тиіс - Ғ. Қасымов

None
None
анның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Кедендік одақ аясындағы кедендік баға мәселесінде Қазақстан өз ұстанымын толық қорғай білуі тиіс.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында кеден мәселелеріне қатысты заң жобаларын талқылау барысында сенатор Ғани Қасымов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кедендік одақтың құрылуына байланысты, 2010 жылдан бастап еліміздің кедендік кеңістігі жаңа жағдайда өмір сүретін болады. Қазіргі күнгідей Қазақстан-Ресей-Беларус мемлекеттерінің бір-біріне қатысты ішкі шекаралары болмайды. Осыған орай,  Қазақстан кедендік бағаны анықтауға қатысты ережелерді зерделеп, оған жіті мән беруі қажет. Бұл қазіргі таңдағы ең басты мәселе болып табылады. Оның үстіне тауар тізбелеріне қатысты аталған үш елдің кедендік баға бойынша айырмашылығын білу де маңызды болып отыр.  Өйткені, осы шара арқылы біз өзіміздің экономикалық, фискалдық саясаттағы қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуіміз қажет.  Қазақстан бүгінге дейін кедендік бағаны ұлттық заңнама шеңберінде реттеп келеді. Ал бұл құжаттар Ресей мен Беларус нормаларына сәйкес келе ме?», деді депутат Ғ. Қасымов.

 

Сонымен бірге,  сенатор 1994 жылы  қабылданғанТарифтер мен сауда жөніндегі келісімге назар аудара келе, бұл құжаттың Кедендік одақ нормаларымен сәйкестігіне де назар аударды. Оның айтуынша, кеден ісіне қатысты кез келген мәселеде үш мемлекет арасында да сәйкестік тауып тұруы тиіс. «Менің ойымша, Қазақстан Ресеймен, Беларуспен барлық тауар тізбелері бойынша кедендік бағаны қазірден анықтауы қажет. Жалпы, Қазақстан кеден ісінде басқа екі мемлекеттен озық тұр, сондықтан тауар тізбелерін айқындағанда қазақстандық қағидаттарды қорғап, осыған баса назар салу керек», деді сенатор. Оның айтуынша, Кедендік одақ аясындағы кедендік бағаға қатысты Қазақстан өз ұстанымын толық қорғауы тиіс. «Өйткені, Ресей мен Беларусқа қарағанда Қазақстан бұл мәселемен ертерек айналысуды қолға алды. Тіпті біздің қолданыстағы нормаларымыз ДСҰ талаптарына да  жақын», деді ол.  

Соңғы жаңалықтар