Кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы шарт қабылданды - Сенат

None
None
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Аталған шарт Кеден одағы аумағында кеден ісі саласында қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тарту қағидаттарын зерттейді және тәртібін айқындайды. Мәселен, құжатқа сәйкес Кеден одағының кеден аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам сол құқық бұзушылығы анықталған мемлекеттің заңнамасы бойынша жауапқа тартылады. Ал, әкімшілік іс жүргізу әкімшілік жауаптылыққа тартылған тараптың заңнамасы бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, Кеден одағы аумағындағы кеден саласында жасалған қылмыстық іс қылмыстың жасалған жері бойынша, ал қылмыстың жасалған жерін айқындау мүмкін болмаған жағдайда қылмыстың ашылған жері бойынша қозғалады. Адам бұндай қылмысты бірнеше тараптың аумағында жасаған болса, соңғы әрекет жасаған жері қылмыс жасаған орын болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар