Кеден заңнамасы: Көлік құралдарын спутник навигациясымен бақылау тәртібі күшіне енеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қаңтардан бастап кеден заңнамасына жүк көлік құралының жүру бағытына байланысты түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңдағы тың өзгерістер мемлекеттік кірістер органдарына көлік құралының нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, нақты жаңашылдықтың бірі – спутник навигациясы арқылы көлік құралын электронды кедендік сүйемелдеуді қолдану мүмкіндігін енгізіледі. Осы толықтырулар шеңберінде кеден органы электрондық кедендік сүйемелдеуді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы декларантты және тасымалдаушыны хабардар етуі де көзделген.

«Электронды кедендік сүйемелдеуді халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тікелей жүзеге асырады. Мұндай оператор Қазақстан Республикасында анықталып қойған. Бұдан бұрын «Автомобиль көлігі туралы» заңға толықтырулар енгізілгенін атап өту қажет. Онда «халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы» ұғымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі құзыреті көзделген. Бұл ретте осы түзетулер шеңберінде аталған оператор навигациялық пломбаларды жалға беру бойынша қызметті көрсетеді. Навигациялық пломбалар көлік құралдарына ілінеді және олардың көмегімен көлік құралының орын ауыстыруын қадағалау жүзеге асырылады», - деп ақпарат таратты ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта көлік құралдарын электронды кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру тәртібінің жобасы әзірленіп қойған. ,Онда кеден органының, декларанттың, тасымалдаушының және халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзара іс-қимылы айқындалған.


Соңғы жаңалықтар