Кеден саласындағы тексеріс: Былтыр бюджетке 50 млрд теңге төленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кеден саласындағы кемшіліктерді жою бағытындағы іс-қимылдар жайында түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеден саласын ретке келтіру жөнінде тапсырма берді. Бұл салада көптеген заң бұзу деректерін анықтадық. Бас прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс тобын құрдық. Осы орайда барлық анықталған фактілер құқық қорғау органдарына берілді», - деді Е. Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір тисті тергеу амалдары жүріп жатыр. Кезінде төленбеген қаражат бюджет пайдасына өндірілген.

«Былтыр бұл салада заң талаптарын бұзғандардан 50 млрд теңгеге жуық қаражат өндірілді. Бұл ретте заңды бұзған бірнеше оператор анықталды. Атап айтқанда, 15-тен астам экономикалық оператор болған. Олардың нақты қайсыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және нақты қаражат сомасы бойынша құқық қорғау құрылымдарынан алуға болады», - деді Е. Жамаубаев.

Шетелден Қазақстанға 670 млрд теңге қайтарылғанын хабарладық.


Соңғы жаңалықтар