Кеден одағының уәкілетті органдары өзара сауда статистикасының деректерін сәйкестендірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «2009 жылғы 11 желтоқсандағы сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасы деректерін ұсыну тәртібі туралы хаттамаға» сәйкес Кеден одағы елдерінің уәкілетті органдары өзара сауда статистикасының деректерін сәйкестендіру жұмысын жыл сайын жүргізіп келеді.

Осының аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті аталған жұмысты 2015 жылы Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметі және Беларусь Республикасы Ұлттық статистикалық комитетімен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүргізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Осылайша, деректерді өзектендіруден кейін КО елдерімен өзара сауда деректері 2014 жылы 21 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға азайды, соның ішінде экспорт - 6,4 млрд. АҚШ доллары немесе 8,7%-ға көп, импорт - 14,6 млрд. АҚШ доллары немесе 21,9%-ға кем. Бұл ретте Ресей Федерациясына экспорт 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп, Ресей Федерациясынан импорт 13,8 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 23,2%-ға кем. Мұның өзінде 2014 жылға Қазақстан Республикасы деректерінің Ресей Федерациясының деректерінен айырмашылығы оларды өзектендіргеннен кейін Қазақстанның экспорты бойынша импорт деректерімен 27,7%-дан 9,9%-ға дейін азайтылды. Ал импорт бойынша Ресейдің Қазақстанға экспорт деректерімен айырмашылық 2,2% құрайды», - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, Беларусь Республикасына экспорт 61,3 млн. АҚШ долларын құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 5,2% көп, Беларусь Республикасынан импорт 0,8 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 10,8% көп. Деректерді өзектендіруден кейін өзара сауда статистикасы бойынша Беларусь Республикасымен 2014 жылғы деректердің айырмашылығы Қазақстанның Беларусьқа экспорты бойынша ол елдің Қазақстаға импорт деректерімен салыстырғанда 90,1%-дан 29,9%-ға, ал импорт бойынша эскпорт деректерімен 17,1%-дан 12%-ға азайған.

Соңғы жаңалықтар