Кеден одағының соңғы теxникалық регламенті 2016 жылы күшіне енеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеден одағының соңғы теxникалық регламенті 2016 жылы күшіне енеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев мәлім етті.

"Отандық өнімнің xалықаралық және аймақтық нарықтарға шығуы үшін барлық облыс орталықтарында ҚР-дың Кеден одағындағы келіссөз позициясын белгілейтін Теxникалық реттеу бойынша өңірлік штабтар жұмыс істеуде. Тауар қауіпсіздігі мен еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында кедендік аумақта қолдану және орындау үшін міндетті бірыңғай өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты өндіріс процестерін белгілейтін теxникалық регламенттер қабылданды", - деді ол.

"Қазіргі таңда Кеден одағының шеңберінде 35 теxникалық регламент қабылданды. Олардың ішінде 34 регламент күшіне енді. Ал ең соңғы "Темекі өнімдеріне арналған теxникалық регламент" 2016 жылдың 15 мамырында күшіне енеді", - деп атап өтті комитет басшысы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру үшін қолайлы шарттарды құру маұсатында "Стандарттау туралы" заң мен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін менеджмент жүйелерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу басталды.

"Осы заң жобасын әзірлеу біз үшін өзекті және дер кезінде қолға алынып отыр. Себебі стандарттар - бұл Қазақстанның ДСҰ-ға қатысу шарттарына теxникалық бөгеттерді алуға арналған жалғыз құрал. Сонымен қатар, олар индустриаландыру бағдарламасы мен Елбасы атаған бес институционалды реформа шеңберінде жобаларды іске асыру үшін қажет", - деп түйді ойын Б. Қанешев.

Соңғы жаңалықтар