Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жүзеге асатын болады - Парламент

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, құжатты қабылдады.

Енді Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Еске салсақ, құжаттың мақсаты еліміздің заңнамасын Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) тарифтік емес реттеу саласын 2009 жылғы 27 қарашадағы шешімге сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан бөлек, құжат Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасын біріздендіруге, көрсетілген келісімдерге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты бірыңғай тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға ықпал етеді. Сонымен қатар, құжатта заң қабылданған жағдайдағы туындайтын қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою нормалары да көзделеді.

Соңғы жаңалықтар