Кеден одағы күшіне енгеннен бастап, қолданыста болған автокөліктердің бағасы көтерілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Теннің пікірінше, Кеден одағы күшіне енгеннен бастап жеті жылдан жоғары, яғни қолданыста болған автокөліктердің бағасы көтерілуі мүмкін.

Бұл туралы ол бүгін Астанада Кеден одағының жаңа кедендік кодексін таныстыру кезінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бұл күрделі мәселе. Біз осыған байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Атап айтқанда, Ресейде автокөліктерге баж салығы жоғары. Бірақ,  мемлекет ішінде жаңа көліктерді сату бағасы арзандау»,-деді ол.

Шығарылған мерзімі жеті жылдан жоғары, яғни пайдаланылған автокөліктердің бағасы жоғарылауы мүмкін екеніне тоқталған И. Тен «ал жаңа көліктер бойынша әзірге айта алмаймын», деді.

Айта кетейік, 2010 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларус арасында бірыңғай кедендік тариф күшіне енетін болады.

Соңғы жаңалықтар