Кеден одағы комиссиясының хатшылығы құрылатын болады

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы осы келісімге Беларус Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында 2008 жылғы желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Келісімнің басты мақсаты Кеден одағы комиссиясының жұмыс органы ретінде оның хатшылығын құру болып табылады. Хатшылық Кеден одағы жоғары органының, Комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды, ақпараттық-техникалық қамтамсыз етуді жүзеге асырады. Хатшылық қызметіне кеден одағының қалыптасу және жұмыс істеу мәселесі бойынша материалдарды, шешімдер мен ұсынымдарды дайындау шаралары да кіретін болады.

Хатшылықты Комиссияның жауапты хатшысы басқарады. Ал жауапты хатшының өзі тағайындалған Тараптан басқа, әрбір Тараптан бір-бірден орынбасары болады. Хатшылықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлері халықаралық қызметшілер болып санады. Сондықтан әрбір тарап Хатшылықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің мәртебесін құрметтеуге міндеттенеді. Хатшылық Мәскеу қаласында орналасатын болады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар