+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Kcell ұялы байланыс қызметінің үзілуі жайлы түсінік берді

2019 жылғы 24 қазан 13:43
Бөлісіңіз:
Kcell ұялы байланыс қызметінің үзілуі жайлы түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Kcell баспасөз қызметінің басшысы Олжас Бибанов телефондардың өшуі – 9 ай бойы абоненттерге ескертілген жағдай екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесін құрмақ Алматыда цифрлық технологияларды дамыту мақсатында ІТ кеңес құрылады «Хабар» агенттігі өз өнімдерін халықаралық Канн көрмесінде ұсынуда

«Түнде реттеуші IMEI-код дерекқорларында сынақ жұмыстарын жүргізді. Бұрыс тіркелген нөмірлердің барлығы осындай қиындыққа душар болып отыр. Яғни ЖСН, телефон нөміріне немесе IMEI-коды сәйкес келмейтін нөмірлер өшті. Бұл негізінен жуырда ғана жаңа SIM-карталар салынған телефондарға қатысты», - деді Олжас Бибанов ҚазАқпарат тілшісіне.

Ол нөмірді қайта тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының бөлімшесіне барудың қажеті жоқ екенін айтады.

«ЖСН нөміріңізді 6006 нөміріне SMS арқылы жіберудің өзі жеткілікті. Бұл, әрине, Kcell абоненттеріне қатысты», - деді Олжас Бибанов.

Оның айтуынша, ұялы телефон байланысының жоғалуы мәселесі бірнеше сағаттың ішінде ретке келтіріледі.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған болатын. Бұл мобильді телефондардың ұрлануына, алаяқтыққа қарсы күрес мақсатында істеліп отыр.











Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT