ҚБТУ акциялары сатылымға шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан-Британ Техникалық университетінің акциялары сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электронды сауда алаңына шығарылған лотта «ҚБТУ» АҚ акциялары шығарылды. Аталған акцияның иесі - «ҚазМұнайГаз» АҚ екені белгілі.

Лоттың бастапқы бағасы - 11,3 млрд теңге. Сауда ағылшын тәсілімен өткізіледі. 

Айта кету керек, «ҚБТУ» АҚ үш ғимаратта - ҚазССР Үкімет үйінде, Бетуров атындағы Химиялық институт және Сокольский атындағы отын, катализ бен электролиз институты ғимараттарында орналасқан. 

Мәміле шартына сәйкес, сатып алушы бұл ғимараттарды білім-ғылым саласында пайдалануға міндеттеледі.

Сонымен қатар, сатып алушыға 5 жыл ішінде нысанды сатып, кепілге қоюға, сенімді басқаруға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, студенттер 5 жыл бойы жатақханадан шықпауы керек.

 

Соңғы жаңалықтар