+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазығұрттағы жол апаты: Ауыр жарақаттанған екі жолаушы жансақтау бөлімінен шығарылды

2019 жылғы 25 қараша 13:40
Бөлісіңіз:
Қазығұрттағы жол апаты: Ауыр жарақаттанған екі жолаушы жансақтау бөлімінен шығарылды

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған жол апатында ауыр жарақат алған екі тұрғын жансақтау бөлімінен шығарылды. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Наушарман Боранбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізуші сотта жауап берді Ақмолада жол апатынан 2 адам көз жұмып, 5 бала зардап шекті Павлодарда жол апатына түскен жүргізушілер төбелесіп қалды

Бас дәрігердің орынбасарының сөзінше, жансақтау бөліміне түскен сегіз науқастың біреуіне ота жасалған.

«Кеше облыс орталығынан білікті дәрігерлер шақыртылып, науқастарға тиісті емдік шаралары жасалды. Ауыр халде түскен бір әйелге ота жасалды. Оның жағдайы бүгін ауыр әрі бірқалыпты. Жалпы жансақтау бөліміндегі екі науқастың жағдайы қалыпты деңгейге түсуіне байланысты бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Қалғандарының жағдайлары ауыр әрі тұрақты күйінде. Өзге науқастар жарақат бөлімінде ем қабылдауда. Бүгін де кеңес алуға облыс орталығынан мамандар шақырттық», – дейді Наушарман Боранбаева.

Қазіргі таңда ауруханада жатқан 11 науқастың 9 ер адам, 2 әйел екені белгілі болды. Олар Түркістан мен Шымкент қаласының және Сарыағаш, Мақтараал аудандарының тұрғындары. Науқастардың арасында жолаушылармен қатар көлік жүргізушілері де бар.

Еске салайық, кеше күндізгі сағат он бірлер шамасында Қазығұрт ауданында төрт көлік бір-біріне соғылып, 15 адам зардап шеккен болатын. Түркістан облыстық ПД өкілі жол апаты көктайғақтан болды деп мәлім етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT