Қазығұртта жылына 1100 тонна кеспе өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жылына 1100 тонна кеспе өндіретін зауыт жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына аймақтағы индустриалды аймақтың үлесі мол. Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 7,3 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жайғасқан.

«CG Foods Central Asia» ЖШС 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тез әзірленетін 10 түрлі «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруда. Жалпы инвестиция көлемі 5,7 млрд теңге, 2019 жылы 1,1 млрд теңге инвестиция салынып, тез дайындалатын кеспе цехын толық жаңғыртып отыр.

Бүгінгі таңда зауытта 80 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары жұмысшылар саны 300-ге жететін болады.

Кәсіпорын биылдан бастап жылына 1 100 тонна өнім шығарып, өнімнің 20 пайызын Қазақстан Республикасы аумағында тарқатса, 80 пайызын Орта Азия елдеріне экспорттайтын болады.


Фото: kapital.kz


Соңғы жаңалықтар