Қазығұртта полицейлер арқанға асылып өлмек болған жігітті құтқарып қалды

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында полицейлер өзіне қол салмақ болған жігітті құтқарып қалды. Келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазығұрт аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары Ерғали Тұрлыбеков пен Ержан Құраловтар өздеріне берілген аймақты күнделікті қарап, тексеріп жүрген. Кенет ауылдағы иесіз мал қораның біріне көздері түсіп, ішін тексеруге кіреді. Қораға кірген сәтте жіпке асылып тұрған ер адамды көріп қалған. Олар тез арада уақыт өткізбестен жігітті жіптен босатып алады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өлім аузында жатқан жанның бетін бері қаратады.

Нәтижесінде өмірмен қоштаспақ болған азамат тірі қалған. Дәрігерлер қазіргі таңда жігіттің жағдайын жақсы деп бағалауда.

Кейіннен белгілі болғандай, өзін өлімге қимақ болған жас жігіт анасымен бірге тұрады. Үйленбеген, жоғары білімді, жұмыссыз. Анасының айтуынша, ұлы біраздан бері өмірден өткен әкесі өзіне шақырғанын айтып жүрген.

Соңғы жаңалықтар