Қазығұртта мемлекеттік қызметшілер жасөспірімдерді адалдыққа шақырды

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы мектептерде «Адалдық сағаты» өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткен шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері мен оқушылар белсене қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ащыбұлақ жалпы орта мектебінде өткен сабаққа «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілқасым Қожахан қатысып, білім күнінің алғашқы сабағында адалдық, парасат, әділдік және сенім құндылықтарын түсіндіріп өтті. Оқушыларға, сыбайлас жемқорлықпен күресудің қаншалықты маңызды екенін, сол себепті қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып отырғанын жеткізді.

Әбілқасым Қожахан адалдық сағаты барысында жастарға адалдық, парасат, әділдік және сенім құндылықтарын кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, осындай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» жыл сайын дәстүрлі түрде Білім күнінде бастау алып, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру үшін жыл бойы жалғасатынын да жеткізді.

Ол сондай-ақ, еліміздің болашағы тек білімді де адал жастардың, саналы ұрпақтың қолында екенін айтып өтті. Сол үшін жастарға жаңа оқу жылында жаңа білімге ұмтылуды, биік жетістіктерге жетуді, оқуда табысты болуды тілеп, сөзін қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар