Қазығұртта көліктің терезесінен шығып алып, жол ережесін өрескел бұзғандар айыппұл төлейді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Көлікпен жол бойында ойқастап, машина терезесінен шығып, жол ережесін өрескел бұзғандар анықталды. Қазығұрттағы оқиға бойынша жол ережесін бұзғандар айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде көлікпен қарсы жолаққа шығып, ойқастап жүрген, жол ережесін бұзған бір топ жастардың бейнежазбасы тарады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді тауып, олардың Петропавл және Шымкент қаласынан келгендерін анықтады.

«Жол ережесін бұзған Петропавл қаласының 20 жасар тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», ал Шымкент қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі «Маневр қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар