+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Қазығұртта карантин кезінде 150 адам жиналып, үйлену тойын жасаған

2021 жылғы 26 шілде 09:51
Бөлісіңіз:
Қазығұртта карантин кезінде 150 адам жиналып, үйлену тойын жасаған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тәулік ішінде карантин режимін бұзып, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада «Ashyq» жүйесі арқылы оқшаулану тәртібін бұзған 1111 азамат анықталды Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды СҚО-да мониторингтік топтар мыңнан астам нысанды тексеріп, 20 адамды жазалады

«Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері м карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылап отыр. Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізген іс-шараларының нәтижесінде Қазығұрт ауданында карантин талаптарын бұзған бірнеше тойхана иелері анықталды. Мысалы, Қазығұрт ауданындағы елді мекеннің бірінде орналасқан тойханада 150-ден астам тұрғын жиналып, «Үйлену той» өткізсе, қатар тағы бір тойханада 50-ден астам адам жиналып, «Беташар» тойын өткізген»,-делінген хабарламада.

Аталған той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақталып, санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларын ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындар жасамауды ескертеді.

«Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT