+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазығұртта иесінің көзінше қойын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

2020 жылғы 6 сәуір 13:55
Бөлісіңіз:
Қазығұртта иесінің көзінше қойын ұрлап кеткен күдікті ұсталды

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полицейлері иесінің көзінше қойын ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол қойын үйіне айдап келу үшін мал жайылымға бара жатқанда 50 метр қашықтықта белгісіз екі адам бір қойды көлігіне салып жатқанын көреді. Оның «тоқтаңдар» дегеніне қарамастан күдіктілер қойды көлікке артып, қашып кетеді.

Аталған жайт ҚР ҚК 188-1-бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушінің айтуы бойынша оқиға орнында Қазығұрт АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Иесінің көріп қойғанына қарамастан, малын ұрлаған күдіктілерді «ізін суытпай» ұстау мақсатында барлық қажетті тексеру жұмысы жасалды.

Коронавирусқа қатысты қойылған блок-бекеттегі полицейлерге көліктің нөмірі айтылып, мұқият қарап, өткізбеу туралы хабарлама берілді.

Жүйелі жасалған жедел әрекеттер нәтижесінде жарты сағат ішінде учаскелік полиция инспекторы күдікті көлікті көріп, тоқтатады. Сол сәтте көлікті жүргізіп отырған тұрғын шығып, қашып үлгереді. Ал, екінші күдікті ұсталды. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Ұрланған қой айғақ ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы - «келу туралы міндеттеме». Тәртіп сақшылары күдіктінің сыбайласы, қашып үлгерген күдіктіні іздестіріп жатыр. Қазіргі таңда мал ұрлығына қатысты жаңадан енгізілген қатаңдатылған заңға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT