Қазығұртта ағайынды екі жігіт жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, полицейлерге қарсылық көрсеткен

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ағайынды екі жігіт жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Оқиға орнына жеткен полицейлерге қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында болған. Жергілікті тұрғын көше бойында кетіп бара жатқанда белгісіз біреулер тиіскен. Олар өзара дауласып, сөзге келіп қалған.

Содан күдіктінің бірі жәбірленушіге бір-екі соққы беріп, ол полицейлерді шақыртқан. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полицейлер күдіктілердің жеке-басын анықтап, мекен-жайлары арқылы тапқан.

Бұзақылық жасаған ағайындылар тәртіп сақшыларына түрлі балағат сөздерді айтып, заңды талаптарға бағынғысы келмеген. Өздерінің дөрекі мінезін көрсетуін жалғастырып, тіпті учаскелік полиция қызметкерінің біріне күш қолданған. Оны ұрып-соққаны анықталды.

«Күдікті ағасы мен інісіне ҚР ҚК 380-бабы - «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» және 378-бабы - «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де қамауға алынып, бүгінде соттың қаулысымен кепілмен босатылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар