Қазығұртта 92 жастағы әжей коронавирусты жеңіп, үйіне оралды

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұратын 92 жастағы әжей коронавирустан құлан-таза айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Моншақ Кенжалиева бір апта бұрын екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің біліктілігі және дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында әжей сырқатты жылдам жеңді.

Моншақ апа дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, бүгін өз шаңырағына оралды.

«Дәрігерлердің арқасында 2 күн болды адам болып отырғаныма. Рахмет. Бақытты болыңдар. Әрбір емдерің халыққа шипа болсын» деп алғысын жеткізді кейуана.

Еске сала кетейік, бұған дейін түркістандық дәрігерлер жас босанған әйелді аман алып қалған еді. Кішкентайлы болған соң бір айдан кейін вирус жұқтырған 34 жастағы келіншектің өкпе тамырлары бітелген.

Пневмонияның ауыр түріне шалдыққан әйелді дәрігерлер толық емдеп, аяққа тұрғызды.



Соңғы жаңалықтар