Қазығұртта 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік Ту Шымкент-Ташкент күре жолының бойындағы «Мәңгілік ел» саябағында орналасқан.

Жалпы құны 35 млн. теңге болатын жоба аясында тутұғырдың жан-жағы абаттандырылып, орындықтар орнатылған.

Салтанатты шарада сөз алған зиялы қауым өкілдері тудың көкке көтерілгені жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайтынын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырдың берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейтіндігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар