Қазығұрт тұрғыны ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйретеді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны Сардор Исманов ауыл балаларына ағылшын тілін үйретіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрбат ауылында тұратын азамат жастайынан түрлі қоғамдық жүмыстарға белсене атсалысып, өзінің білімділігімен ерекше көзге түскен. Мектеп бітірген соң, ағылшын тілі пәні мамандығын алған ол 2012 -2013 жылдары ASAA және Tesh қоғамдық бірлестіктерінде ерікті болып жұмыс істей бастаған.

«Бұл ұйымда мен ерікті ретінде әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды, Шымкент қаласында болған Орталық Азиядағы ACCESS бағдарламасын аяқтаған студенттері үшін ұйымдастырылған конференсияны ұйымдастыруға көмектестім. Кейіннен өзімнің ауылымдағы үйде ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйретіп, ерікті ретінде ауыл жастарын белсенділігін арттыру мақсатында тренинг семинарлар ұйымдастырып отырдым. 2014 жылдан бастап Қазығұрт ауданында «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігін құрып, ауыл жастарына ағылшын тілі пәнінен сабақ бере бастадым. Осы жылдар ішінде Access Microscholarship бағдарламасынын үйлестірушісі ретінде жұмысымды жалғастырдым»,- дейді Сардор Исманов.

2016 жылы Американың Қазақстандағы елшілігінің «Жас көшбасшы» номинациясы бойынша женімпаз атанған азамат дәл сол жылы БҰҰ Моделі атты Алматыда өтетін халқаралық конференциясына қатысу үшін грант ұтып алады.

Сонымен қатар «Береке» қоғамдық бірлестігінің «Ауылдағы үкіметті емес ұйымдардын белсенділіктерін арттыру» атты конкурсына қатысып, «Ауыл жастарының белсенділігін арттыру» атты жобасымен жеңімпаз атанады.

Бес ай көлемінде Қазығұрт пен Тұрбат ауылдарындағы жастар арасында тренинг өткізеді. Қазғұрт ауданында туризмді дамыту мақсатында Шымкент қаласындағы орналасқан Марко Поло ұйымымен бірелсе Этно туризм жобасын дамытуды қолға алған. Сөйтіп Қазығұрт ауданына АҚШ, Испания,Франция сияқты дамыған елдерден 200-ге тарта туристердің келуіне өз үлесін қосқан.

Өзі бір жарым жыл бойы АҚШ елінде тұрып, білімін жетілдірген Сардор Исманов ауыл жастарының тіл үйреніп, өздерін жан-жақты дамытуларына зор үлесін қосып келеді.

«Осы уақытқа дейін мыңнан астам жас пен оқушыға ағылшын тілін үйреттім. Олардың басым көпшілігі қазіргі таңда түрлі жоғары оқу орындарында білім алып, өз пікірлерін ағылшын тілінде еркін жеткізе алатыны мені қуантады. 2015 жылдан бастап «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігінде 25- ке тарта ерікті жас ұйыммен бірге жұмыс атқарып жатыр. 2015 жылдың сәуір айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде жаңадан оқу орталығын ашып, жұмыссыз жүрген 8 мұғалімді жұмыспен қамтып отырмын»,-дейді ағылшын тілінің мұғалімі.

2015 жылы оның Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің білім беру — Access екі жылдық микростипендиясы бойынша ұсынылған жобасы үздік деп танылып, Қазығұрт кентіне микростипендияға грант бөлінген. Осыдан кейін шетелдіктер мен елшілік өкілдері ауылға жиі келе бастайды. Бастысы бұл жоба ауылдағы тұрмысы төмен немесе мұқтаж отбасылардағы балалардың ағылшын тілін тегін үйренуге зор мүмкіншілік туғызған.

«Біздің ағылшын тілі курстарында тегін оқыған 20 оқушы болды. Біз оларды еріктілікпен айналысуға үйреттік. Себебі, бұл Access бағдарламасының шарты болды. Біз балалармен бірге қарт кісілерге барып, үй шаруаларына көмектестік. Адамдар, әсіресе ересектер, ерікті сөздің мағынасын әлі түсінбейді. Жегенмен кейбір жастар шын мәнінде еріктіліктен пайда іздемей, өз міндеттерін таза жүрекпен жасайды. Мен өз ауылымды өте жақсы көремін Сондықтан ауылымда болып жатқан кейбір сыбайлас жемқорлық жәйттеріне ашық түрді қарсы пікір білдіріп отырамын. Жолдар сапасыз салынса немесе жарық шамдар орнатылмаса, мұғалімдерден пара алу жәйттері болып жатса дереу әлеуметтік желіге жариялап, мәселенің оң шешілуне атсалысып келемін. Мен ауыл балаларының да өз мүмкіндіктері пайдаланғанын қалаймын. Біз көптеген қызықты жобаларды өткізуге тырысамыз, бұл олардың жетекшілік қабілетін дамытуға ықпал етеді. Мүмкін мен көп ақша таппаймын, бірақ менің жұмысым маған ләззат сыйлайды», - дейді Сардор Исманов.


Соңғы жаңалықтар