USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қазығұрт тұрғыны әлеуметтік желіде экстремизмге үндейтін жазбалар таратқан

2021 жылғы 3 желтоқсан 20:56
Бөлісіңіз:
Қазығұрт тұрғыны әлеуметтік желіде экстремизмге үндейтін жазбалар таратқан

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері «ВКонтакте» қолданушыларының бірі экстремистік бағыттағы діни аудио және бейнематериалдарды жариялап, таратқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Қарин: Полиция, әкімшілік ғимараттарына, әлеуметтік нысандарға шабуылдау –  экстремизмнің белгісі Түркістан облысында тұрғындардан қару, есірткі және діни сипаттағы материалдар табылды Содырлар «Қазақтелеком» кеңселеріне шабуыл жасаған

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері бірлескен жедел шара нәтижесінде Қазығұрт ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Күдіктінің үйін тінту барысында жедел уәкілдер діни мазмұндағы әдебиеттерді, дискілер мен ұялы телефондарды тауып, тәркіледі.

Бұл жайтты тәртіп сақшылары тіркеп, сараптамаға жолдады.

Нәтижесінде анықталған материалдарда терроризм мен экстремизмді насихаттау белгілері бар екені расталды.

Қазіргі уақытта ҚК 256-бабы 2-бөлігі «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қайрат Зайнишев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT