Қазығұрт полицейлері бір күнде 8 тойдың қонақтарын үйді-үйіне қайтарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері тәулік ішінде 8 бірдей тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазығұрт ауданында карантинге қарамастан тәулік ішінде өткен 8 бірдей той-жиын анықталды.

Яғни, карантин талаптары мен салынған айыппұлды елеместен, жасырын той жасаған.

Өткізілген әр тойға 50-150 аралығындағы тұрғындар жиналып, түрлі салтанатты жиындарды ұйымдастырған.

Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойға келгендерді тарқатты.

Полицейлер карантин талаптарын елемеген тойхана мен той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Қазығұрт ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық азаматтарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді.

Карантин ескерілмей, құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар