Қазығұрт ауданында жаңадан салынған бес нысан ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жаңадан салынған бес нысан ашылды. Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ ауылы мен Алтынтөбе ауыл округі, Аққұм елді мекеніне газ беріліп, тұрғындар қуанышқа бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сонымен бірге Қызылқия ауыл округінде мал сою және етті тереңдетіп өңдеу кәсіпорны ашылды. Құны 820 млн теңгені құрайтын жоба арқылы 12 адам жұмыспен қамтылған. Ал, Жаңабазар ауыл округі Үшбастау елді мекенінде 200 орындық мектебі ашылып, оқушылар мен ұстаздар қауымын қуантты.

Сондай-ақ мереке қарсаңында С.Рақымов округі мен Сынтас елді мекеніндегі әлеуметтік аз қамтылған 2 отбасына «Қамқорлық» бағдарламасы аясында баспана берілді. Екі үйді салуға ауыл тұрғындары мен демеушілер үлес қосқан болатын.


Соңғы жаңалықтар