Қазығұрт ауданында жаңадан салынған 6 мектеп қолданысқа берілді

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жаңадан салынған 6 мектеп пайдалануға берілді. Білім күніне орай есігін айқара ашқан нысандарды салуға қазынадан 3 млрд 613 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде республикалық бюджет есебінен салынған - 300 орындық М.Әуезов, Жылыбұлақ мектептері, облыстық бюджеттен - 200 орындық Заңғар, 150 орындық Тілектес, аудандық бюджеттен - 100 орындық Аққұм мен П.Акбаров мектептері бар. Жаңа мектеп ғимараттарының ашылуы ауыл тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар үшін көптен күткен қуаныш болды. Жаңа ғимараттар заман талабына сай салынып, мұғалімдер мен оқушыларға барлық жағдай жасалған.

Барлық пән кабинеттері мен шеберханалар, спортзал, акт залы, кітапхана, асхана және медициналық кабинеттермен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған білім ошақтарының ашылу салтанатына аудан басшылары мен ауыл тұрғындары қатысып, ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

«Ұрпақ болашағының басты еңбек ететін мектеп ұстаздары. Еліміздің ертеңі-жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білуі мен адамзаттық мәдениетті түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу жаңа заманның басты талабы болып табылады. Ендігі міндет, осы жаңа мектептерді, оқу жабдықтары мен кабинеттерін көздің қарашығындай етіп ұқыпты ұстау. Сонымен бірге жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде ұстаздар қауымына жауапкершілік арта түседі. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілген мектептер баршамызға құтты болып, жас ұрпақтарымыздың биік белестерден көрінуіне тілектеспін!»,- деді аудан әкімі Төлеген Телғараев.

Соңғы жаңалықтар