Қазығұрт ауданында нөсер жауын салдарынан бес ауылды су басты

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Қазығұрт ауданында нөсер жауынның салдарынан бес ауылды су басып, 50 шақты үйге су кірген. 200-дей малдың шығыны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің сарбаздары мен арнайы мекемелер жұмылдырылып, техника тартылған.

Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтерінде болған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүріп жаыр. Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар елді мекені, Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекендеріндегі сел алған жерлерді ретке келтіру бойынша төтенше жағдай қызметкерлері тиісті жұмыстар жүргізген. Ал, Шанақ елді мекеніне арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылып, ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Су басқан үйлерден су шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді», делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар