Қазығұрт ауданында қарттар арасында спорттық жарыс өтті

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Қазығұрт ауданында халықаралық қарттар күні қарсаңында ерекше сайыстар ұйымдастырылды. 13 ауылдық округте тұратын зейнеткерлер спорттың бірнеше түрінен өзара жарысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жеңіс» спорт кешенінде өткізілген іс шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен жергіліті тұрғындары қатысып, қарттарды мерекемен құттықтады.

«Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған. Олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған. «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет көрсетсек те, артықтық етпейді. Қарттарға қамқорлық - халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді«,- деді шараға қатысушы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров.

Шараның ашылу салтанатында аудандық спорт бөлімінің басшысы Құралбек Бұқаров та ардагерлерді мерекемен құттықтап, ойын барысында сәттілік тіледі. Сонымен спорттық сайысқа 30-ға тарта ауыл ақсақалы қатысып, шахмат, дойбы және бильярд ойындары бойынша сайысты. Бұдан бөлек, жарысқа ақсақалдардың немерелері де қатысып, шар жинау, эстофеталық ойындар, кенгуру, кім жылдам ойындарынан жарысты. Барлық жеңімпаздарға сый-сыяпаттар таратылды.
Соңғы жаңалықтар