Қазығұрт ауданында 3 көпір пайдалануға берілді

None
None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 нысан» іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шаралар аясында Шарбұлақ, Құларық, Тесіктөбе елді мекендерінде жаңа көпірлер пайдалануға берілді.

Нысандардың ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар қатысып ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Бұған дейін бұл ауылдарда сапалы көпір болмаған. Жергілікті тұрғындар арасында «темір көпір» деп аталып кеткен, бір ғана көлік сиятын көпірлер бар еді.

Оның өзі ескіріп, қауіпсіздік талаптарына сай болмай шыққан.

Осыны ескерген жергілікті әкімдік елдің тілегін орындап, жаңа көпір тарту етті.

Облыстық мәслихат депутаттары да игі іске қолдау білдірген.


Соңғы жаңалықтар