Қазыбек бидің жолымен жүріп өтетін халықаралық автокеруен оңтүстік өңірге жетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазыбек бидiң 350 жылдығы республикалық деңгейде кеңiнен аталып өткені белгілі. Дүбiрлi той Оңтүстік Қазақстан облысында  жалғасын тапты. «Қаз дауысты Қазыбек би: Бабаларға тағзым» халықаралық  автокеруені күнгейдегі көне қалаларды аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында Сарыарқа төсінен келген автокеруенің оңтүстікке ат басын бұруы да бекер емес. Себебі, Қазыбек бабамыз ұлттық пантеонға айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленгені белгілі. Ал ол кесенеге бармас бұрын,  оның ұстазы Арыстан бабқа зиярат ету бұлжымас шартқа айналған. Осы жолды ұстанған мәртебелі меймандар, алдымен ат басын Отырар ауданына бұрды. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған топ қонақтарды қарсы алып, Арыстан баб кесенесіне алып барды. Керуеннің құрамындағы Қарағанды облысының бiр топ ел ағалары мен зиялы қауым өкiлдерi бабаның басында құран бағыштап, зиярат етті.
null

Одан кейін автокеруен киелі Түркiстан шаһарына жол тартты. Оларды қала басшылығы мен жұртшылығы барша сән-салтанатымен қарсы алды. Мәртебелi  қонақтар Қ.А. Ясауи кесенесiнде болып, осында жерленген қазақтың тарихи тұлғаларымен танысып шықты. Кесене алдындағы алаңда өткен шара аясында шаһар басшысы Әлiпбек Өсербаев: «Сонау Арқа жерiнен Ер түрiктiң бесiгi атанған киелi Түркiстан топырағына бабаларымыздың рухына тағзым етiп келiп жатқан қадамдарыңызға гүл бiтсiн. Мiне, бұл шара  да Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендеудiң бiр көрiнiсi», - деп атап өттi. 

Бұдан кейін делегация мүшелері мен ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, бокстан Олимпиада чемпионы Серiк Сәпиев сөз алып, бүгiнгi бабалар рухына тағзым шарасының маңыздылығына тоқталды. Олар халқымыздың жарқын болашағы жолында тарихта ерекше қолтаңба қалдырған бабалар рухын қастерлеу туралы өз ойларын ортаға салды. Қарағандылық қонақтар облыс жастарының дөңгелек үстел мәжiлiсiне де қатысып, кешке «Ұлы дала үнi» атты концерттiк бағдарламаны тамашалады.
null

Айта кетейiк, мерейтойлық бағдарлама аясында  облысқа көш түзеген бұл автокеруен елiмiздiң бүкiл қасиеттi орындарын аралап келе жатыр. Қызылорда облысындағы Қорқыт ата кешенiнде болған керуен енді көршi өзбек елiнiң Ташкент қаласында және Науаи облысында болып, Төле және Әйтеке билердiң әруағына тағзым етпек.

Айта кетейік, 7 автокөлікпен шыққан 28 адамнан тұратын автокеруен мүшелері мен Қарағанды облысының ресми делегациясының сапында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Омарбекова,  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай бар.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар