ҚазҰУ студенттері Egov порталын пайдалануды үйренді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарымен (ХҚКО) бірлесе отырып, Жоғарғы экономика мектебінің бірінде оқитын студенттер үшін электрондық мемлекеттік қызмет бойынша семинар-тренинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттер ыңғайлы уақытта компьютер, планшет, телефон арқылы коммуналдық қызметтерді қалай алуға болатынына көз жеткізді.

«Жәрмеңкені өткізудегі мақсат электронды мемлекеттік қызметтерді танымал ету болып отыр. Себебі бұл жаңа технологияларды қазіргі заманға енгізуге жастар атсалысуы керек. Жастар ІТ-технологиялар, гаджет пен Интернетті пайдалануды жақсы біледі. Жастар жатақханадан шықпай-ақ интернетте сертификаттарды немесе электрондық қолтаңбаны ала алады», - деді департаменттің бас маманы Гүлжан Сабурова.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында сайтқа кіру кезінде бір реттік пароль жүйесі енгізіледі.

«Жеке куәлікті және ұялы телефон нөмірін берген азамат арнайы пароль алады. Ол арқылы интернеттен қажеттін ақпаратын ала береді. Сайтқа кірген сайын Сіз бір реттік пароль аласыз. Барлығы біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалады. Бүгінгі күні 36 мемлекеттік қызмет, соның ішінде электронды қолтаңба, мекенжай туралы ақпарат, жылжымайтын мүлік туралы анықтама және өзге де қызметтерді алуға болады», - деді Алмалы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Нұржан Оразбеков.
null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар