ҚазҰУ студенті Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қоғам қайраткері, публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия иегері марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2017 жылдың наурыз айында Сағат Әшімбаевтың еңбегі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау үшін журналистика факультетінің студенттері арасында байқау жариялау және стипендия тағайындау  туралы шешім қабылданды. Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және аймақтық жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінен 33 студент өз жұмыстарын ұсынған.

null

Байқау жұмыстарын талдау, саралау комиссиясы құрамына «Қазақстан» РТРК АҚ Эфирлік саясат дирекциясының бас редакторы Қайнар Олжай, танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕҚ Президенті Ерлан Бекхожин, «Қазақстан» РТРК АҚ Аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясының директоры Ержанар Әшейхан, «Келбет», «Жарқын бейне» бағдарламаларының продюсері, ақын Жаңыл Асылбекова бекітілді.

Комиссия мүшелері факультет деканы берген мінездеме, оқу үлгерімін растайтын құжат, БАҚ-та жарық көрген материалдары және С.Әшімбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы рефератпен таныса келе, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің І курс студенті Дастан Қастайдың жұмысын үздік деп таныды.

Салтанатты марапаттау шарасына Сағат Әшімбаевтың ұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин және өзге де танымал журналистер қатысты. 

null

Соңғы жаңалықтар