ҚазҰУ ректоры Елбасына университеттегі инновациялық кластердің жұмысын таныстырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді. Бүгін аталған оқу орнында Инвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастыруымен форум жұмысы өтіп жатыр.

Шара барысында Президент университет базасында жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалардың көрмесін тамашалап, әр жобаға қатысты сұрақтар қойды. Университет ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысын оқу орнының жетістіктері мен университет қабырғасында жүзеге асырылып келе жатқан медициналық-биологиялық инновациялық кластердің жұмысымен таныстырды. Айта кету керек, аталған кластер бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік принцип негізінде жобаларды жүзеге асыруға 500 млн. АҚШ доллары шамасында қаржы тартылуда.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында білімге негізделген экономикаға баса назар аударған. Бұл жерде университеттер шешуші рөл атқару керек. Осы бағытта қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жемісті жұмыс жасап келеді.

Оқу орнында инновациялық бағыттағы алғашқы қадам ретінде Оңтүстік Кореялық әріптестермен бірге медициналық диагностикалық орталықтың ашылуын айтуға болады. Жобаға 1,2 млрд. теңге инвестиция салынды.

Университет базасында және бір жоба «Инжиниринг пен ғылыми қамтымды технологиялар» инновациялық кластерін құру «Алатау» арнайы экономикалық аймағымен бірге жүзеге асырылмақ. Технопарк пен бизнес-инкубатор, ҒЗИ зертханалық корпустарының, студенттер жатақханасының құрылысына 9,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар