ҚазҰУ QS рейтингінде табысты ілгерілеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2019» пәндік рейтингі бойынша ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып «Заманауи тіл білімі» мамандығы бойынша әлемдегі ең үздік 51-100 топқа кіріп, бірден 50 сатыға көтерілді. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Жалпы аталмыш рейтингіге жетекші қазақстандық университеттің алты мамандығы енген.

ҚазҰУ QS «WUR by Subject 2019»-тегі былтырғы жылғы көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Алғаш рет рейтінгтің 201-250 тобына «Лингвистика» мамандығы, ал 251-300 тобына «Құқықтану» және «Ағылшын тілі және әдебиет» кірді. Сонымен бірге «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» мамандығы 339-шы, ал «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» 364-ші орынды иеленді.null null

Рейтінгтің әдістемесі: академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалалар бойынша келтірілген дәйексөздер саны және Хирш индексі сияқты төрт индикатор негізінде құрылған. QS «WUR by Subject 2019» 83 мыңнан астам оқытушылар мен 42 мың жұмыс берушілердің пікірлерін, сондай-ақ «Elsevier Scopus» дерекқорынан алынған деректерді ескере отырып құрастырылған.

Бұл рейтингіде әлемнің 1200-ден астам жоғары оқу орны «Жаратылыстану ғылымдары», «Әлеуметтік ғылымдар», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Өмір туралы ғылым және медицина», «Техникалық ғылымдар және инженерлік іс» сияқты бес пәндік салада бағаланған.

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын ұстана отырып, әлемдік рейтінгілерде табысты ілгерілеуде. 2018 жылы QS ғаламдық рейтингінің қорытындысында қазақстандық жетекші университет 220 орынды иеленді. Бұл топқа ТМД елдерінен тек екі университет - Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енген.

Соңғы жаңалықтар