ҚазҰУ педагог мамандарды даярламайтын болды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыдағы ірі жоғарғы оқу орны кейбір пәндер бойынша педагогикалық мамандықтар қатарын қысқартты. Бұл туралы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездерде бұл мәселені жан-жақты талқыладық. Ақырында педагогикалық мамандықтардан бас тартуды жөн санадық. Бұл үшін республиканың барлық аймағында арнайы оқу орындары бар. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мұғалімдерді даярлайды. Біздің бағыт - ғылыми мамандықтар. Алайда студенттер «Біздің арманымыз - ҚазҰУ-де білім алу» деп ұрандатып қояр емес. Көбін кері қайтардық, көнбегендерін алып қалуға тура келді. Келер жылы мүлдем қабылдамаймыз»,- деді Ғ. Мұтанов.

Биыл педагогикалдық мамандықтарға 160 талапкер өтініш білдірген. Бірақ оларға жатақхана берілмейді. Тек әлеуметтік жағдайы төмен студенттер ғана жатын орынмен қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ ҚазҰУ ректоры биыл IT саласындағы мамандықтарға сұраныс артқанын атап өтті.

Студенттердің басым бөлігі «Құқықтану», «Экономика» «Халықаралық қатынастар» мамандығын таңдайды. Сондай- ақ инженерлік саланы игергісі келетіндері де жоқ емес. IT факультетіне қызығушылық танытушылардың көбейгенгендігін де атап өтпеске болмас. Бұрын бұл мамандық «Механика және математика» шеңберінде қалып қоятын. Биылдан бастап жаңа факультет ашып, «e-commerce», «Есептеу лингвистикасы», «Big Data», «Жасанды интеллект» мамандықтарын ұйымдастырдық. Қазіргі студенттер болашақ ақпараттық технологиялар қолында екенін біледі. Көптеген елдер цифрлық форматқа көшуде. Бұл мамандар Қазақстанды жоғарғы деңгейге көтеретініне сенімдімін»,-деді ол.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 10 мыңға жуық студент білім алады. Олардың 6 мыңнан астамы мемлекеттік грант есебінен оқиды. 800 шәкірт «Алтын белгі» иегері.

Соңғы жаңалықтар