+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

ҚазҰУ магистранттары Оксфорд университетінде тағылымдамадан өтуде

2019 жылғы 18 сәуір 18:42
Бөлісіңіз:
ҚазҰУ магистранттары Оксфорд университетінде тағылымдамадан өтуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары әлемнің жетекші жоғары оқу орны - Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Университеттер арасындағы әріптестікті дамыту туралы келісім былтыр ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың Оксфорд университетіне сапары барысында жасалған болатын.

Биыл магистранттар арнайы әзірленген «Ғылымға кіріспе» курсы бойынша география және қоршаған орта мектебіне (School of Geography and the Environment) тәжірибеден өту үшін аттанды. Оның теория мен тәжірибенің синергиясындағы ерекшелігі - белді профессорлардың дәрістері зерттеулердің презентацияларымен сүйемелденеді, нақты мысалдарда ғылыми жобалардың әдіснамасы мен жоспарлануы зерттеледі. ҚазҰУ магистранттары өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсынды, Сахара шөліндегі құмның көшуін, Моңғолияның табиғатын, Омандағы бедуиндердің өмірін және Гималай тау жыныстарын зерттеу жұмыстарымен танысты.

Оксфорд университетінің инфрақұрылымымен танысуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық зерттеушілер география, биология, химия, физика, археология сияқты әртүрлі салалардағы зерттеушілерді біріктіретін зертханаларға барды. Магистранттар атап өткендей, тағылымдама атақты профессорлардың дәрістерін тыңдап қана қоймай, тәжірибелік білім алып машықтану, сонымен қатар әлемнің жетекші ЖОО-ның оқыту жүйесімен танысуға зор мүмкіндік берді. Олар ғылыми қызметке деген ынтамен қуат алып, ұмытылмас әсерге ие болды.
null

Бүгінгі таңда жоғары мектептің интернационализациясы Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың негізгі трендтерінің бірі болып табылады. Кадрларды даярлау жүйесі студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыруға ғана емес, сондай-ақ осындай бағдарламалардың сапа индикаторларын жақсартуға бағытталған.

Жыл сайын әлем университеттерінің рейтингін жариялайтын QS Халықаралық агенттігінің мәліметтері бойынша, ҚазҰУ осы бағыттағы көрсеткіштердің тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Университет Эразмус+, Мевлана, «Абай-Верн», IAESTE сияқты басқа да халықаралық жобаларға белсенді қатысуда. Осы оқу жылында ҚазҰУ-дың мыңнан аса магистранты және докторанты әлемдегі білім беру мен ғылымда көш бастап тұрған шетелдік жетекші университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT