ҚазҰУ-дың ғылыми журналы халықаралық деректер базасына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпараттық жүйелер мен зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын «Clarivate Analytics» халықаралық агенттігінің мәліметі бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» атты биология және химия бойынша ғылыми журналы «Web of Science Core Collection»-тің жаңа ғылыми деректер базасына енді. Бұл туралы ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі жетекші университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына енуі -қазақстандық жоғары білім мен ғылымның кезекті биік жетістігі. 

«ҚазҰУ зерттеу университетіне айнала отырып, Елбасының әлемнің 200 үздік топ жоғары оқу орындарының құрамына ену жөніндегі міндеттерін сәтті орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Біз қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, әлемдік ғылымда лайықты орынға ие болуға тырысамыз», - деп атап өтті ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов.

Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ химиялық және биологиялық, химиялық және технологиялық, сондай-ақ физикалық және математикалық бағыттардағы ғылыми журналдары халықаралық ғылыми деректер базасына енген Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық университеттердің бірі.

Соңғы жаңалықтар