ҚазҰУ-де ауған студенттері үшін қазақ тілінен оқу құралы таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Жанар Әділханованың жетекшілігімен шыққан «Кешенді қазақ тілі» оқу-әдістемелік құралының таныстырылымы өтті, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.

Автордың айтуынша, кітап Ауғанстан Ислам Республикасынан келген шетелдіктер үшін қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Оқу құралының лексика, граматика сияқты тараулары оларға қазақ тілін тиімді меңгеруге көмектеседі.

Қазақ тілін үйренемін деген кез-келген оқырман аталған кітапты оқу құралы ретінде пайдалана алады.

Соңғы жаңалықтар