ҚазҰУ-де 15-қабатта лифттің тоқтап қалуының себебі анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғимаратында лифттің апатты жағдайда тоқтауынан жапа шеккен  екі оқытушы ауруханадан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Лифт 15-қабатқа келген кезде апатты жағдайда тоқтаған. Соның кесірінен жоғары жағындағы жарықтандыру жүйесі сынып, есігі ашылмай қалған. Лифтте екі оқытушы болған екен. Біреуі жеңіл жарақат алған. Сол жерде жедел жәрдем шақырылып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккен оқытушы ауруханаға жатудан бас тартты», -  деді оқу орнының имидж саясаты және қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Дәурен Құмарханұлы.

Оның айтуынша, техникалық ақауды қалпына келтіруге  біршама уақыт кеткен.

Техниктер тежегішті орнатқан соң бірінші есік ашылған. Екінші есік жарты сағатқа созылған жұмыстан соң ашылды.

«Өткен жылдың ортасында лифт тексерілген. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті органдарға айттық. Қызмет көрсету компаниясымен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Дәурен Құмарханұлы.

Соңғы жаңалықтар