ҚазҰУ-да республикалық «әл-Фараби» олимпиадасы басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚазҰУ-да Республикалық «әл-Фараби» олимпиадасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Білім додасына еліміздің білім беру мекемелерінде тәлім алып жатқан 7 мыңға жуық 11 сынып оқушылары қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты еліміздегі ең білімді оқушыны, жүзден жүйрікті анықтап, оларға қолдау көрсету. Жасөспірімдер бірінші және екінші кезеңде қашықтан оқытатын технологияларды пайдалану арқылы on-line режімде өтсе, үшінші қорытынды кезеңде жүзбе-жүз сайысады.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болғандар таңдаған пәндеріне сәйкес оқу гранттарын алуда елеулі қолдауға ие болады.

Аталған білім байқауы 2009 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен ҚР БҒМ, «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар