ҚазТрансОйл жыл басынан бері 21 млн тонна мұнай тасымалдады

None
Photo: kaztransoil.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 21 млн 353 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың алғашқы жарты жылына қарағанда 1 млн 394 мың тоннаға көп.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 214 мың тоннаға кеміп, 8 млн 816 мың тоннаны құрады.

Оның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-на 2 млн 857 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-на 2 млн 767 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС-на 2 млн 776 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-на 415 мың тонна мұнай жеткізілді.

«Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 945 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жарты жылдығының көрсеткішінен 713 мың тоннаға көп.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 5 млн 454 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 мың тоннаға көп.

«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 5 млн 509 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 204 мың тоннаға кеміді.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 190 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 640 мың тоннаға артық.

Ақтау портындағы танкерлерге «ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып мұнай құю 1 млн 639 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 583 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 16 млрд 808 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы І жартыжылдықтың көрсеткішінен 79 млн тонна-километрге көп.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 21 млрд 535 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196 млн тонна-километрге кем.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 9 млн 287 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 440 млн мың тоннаға кем.

Мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 331 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы I жартыжылдықтың нәтижесінен 595 млрд млн тонна-километрге кем.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 2 млн 731 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109 мың тоннаға артық.

Мұнайдың жүк айналымы 44 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 102 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 778 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 275 мың тоннаға аз.

Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды су құбыры бойынша 14 млн 107 мың текше метр тұщы су берілді.

2022 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің азаюы 597 мың текше метрді құрады.


Соңғы жаңалықтар