ҚазТрансОйл Өзбекстанға 25 мың тонна Ресей мұнайын жібере бастады

None
Фото: kaztransoil.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына Қазақстан аумағы арқылы «Омбы-Павлодар-Шымкент-Шағыр» бағытымен 25 мың тонна Ресей мұнайын жібере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнайды жеткізу ҚР Энергетика министрлігінің бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

«2023 жылы Ресей мұнайының «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай өткізу жүйесі бойынша Өзбекстан Республикасына транзит көлемі 250 мың тоннаны құрайды» делінген баспасөз баянында.


Соңғы жаңалықтар