ҚазТрансОйл наурызда 7 мың тонна мұнайды Әзербайжан арқылы экспортқа шығарады

None
Фото: kaztransoil.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы алғаш рет Қашаған кен орнынан Ақтау порты арқылы мұнай жөнелтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.

«ҚазТрансОйл» наурыз айында Ақтау порты арқылы Қашаған кен орнынан Баку порты бағытында одан әрі жеткізу үшін экспортқа 7 мың тонна мұнайды сынақ ретінде өткізуді жоспарлап отыр.

Қашаған мұнайын жөнелтуші - INPEX North Caspian Sea, Ltd.

Еске сала кетейік, бүгін Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл Қазақстан мұнайы Әзербайжан арқылы тасымалданатынын хабарлаған болатын.

Министрдің орынбасары Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін барлық бағыттағы транзитке шектеу қоймайтынын мәлім етті.

«Бүгінде тек «Шығыс-Батыс» қана емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты да бар. Осыған дейін орта бағыт айтылды. Бірақ оңтүстік бағыт та бар. Ол Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Былтыр президент Иранға барып, тауарды Түркия арқылы сол елге жіберу бойынша келісімдер жүргізді», - деді Роман Василенко.

Оның айтуынша, қазір мұнай экспорты бірнеше маңызды бағыт бойынша жолға қойылған.


Соңғы жаңалықтар