ҚазТрансОйл Қашағаннан 1 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдамақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Қашағаннан бір миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша компания Қашағаннан кен орнында өндірілген 117 мың тонна мұнай тасымалдауды жүзеге асырды, бұл көрсеткішті 2017 жылы 1 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарлауда», - деді ҚТО-ның бас директоры Димаш Досанов баспасөз мәслихатында.

Ол компанияның техникалық мүмкіндігі қара алтынды тасымалдау көлемін жылына 2-3 миллион тоннаға дейін арттыруға жететінін атап айтты. Алайда бұл шешім Қашағандағы өндіріс көлемімен тікелей байланысты.

Еске сала кетсек, өткен жылы қайта жұмыс істей бастаған Қашағанда мұнай өндіру деңгейі тәулігіне шамамен 200 мың баррельге жетті. Бұл көрсеткішті тәулігіне 80 мың баррельге ұлғайту жоспарланған. Өндіру басталғалы 3 млн тонна көмірсутек шикізаты шығарылды. 

Соңғы жаңалықтар