«ҚазТрансОйл» инвестициялық тартымдылық үшін бар мүмкіндікті жұмсайды - Қ. Қабылдин

None
None
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» АҚ компанияның инвестициялық тартымдылығы үшін бар мүмкіндікті пайдаланады.

Бүгін Астанада «Халықтық ІРО» бағдарламасының перспективасы мен компанияның акцияларын екінші нарыққа айналдыру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Қайыргелді Қабылдин осылай мәлім етті.

Бас директордың айтуынша, «ҚазТрансОйл» компаниясы «Халықтық ІРО» бағдарламасының алғашқы жолашары бола отырып әзірліктен акцияларды нарыққа орналастыруға дейінгі кезеңдегі күрделі жолдан өтті. Сол арқылы бағдарламаның келесі қатысушыларына стандарттар қалыптастырып та отыр. «Біз алдағы уақытта да компанияның өндірістік қызметінің жоғары деңгейін қолдауға ниеттіміз. Жалпы, компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін атқаратын боламыз», - дейді Қ. Қабылдин.

Ал Бас директор орынбасары Болат Зәкіровтың айтуынша, барлық орналастырылған акцияларды бекітілген құрылымға сәйкес бөлу қорытындысы бойынша компания акцияларының 90 пайызына «ҚазМұнайГаз» АҚ иелік етсе, 8 пайызды Қазақстанның 33 мың 989 азаматы меншігіне алған. Ал еліміздегі 10 зейнетақы қоры 2 пайыздан астам акцияны және 0,05 пайыздық маркет-мейкерлерді иеленген.

Соңғы жаңалықтар